- Басты бет
- Жаңалықтар
- «ҚАЗАҚ ТІЛІ – ҒЫЛЫМ ТІЛІ: DIGITAL QAZAQSTAN ДӘУІРІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ ТРАНСФОРМАЦИЯ» ІІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ.
«ҚАЗАҚ ТІЛІ – ҒЫЛЫМ ТІЛІ: DIGITAL QAZAQSTAN ДӘУІРІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ ТРАНСФОРМАЦИЯ» ІІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ.
2026 жылғы 29 қыркүйекте Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Қазақ тілі – ғылым тілі: Digital Qazaqstan дәуіріндегі ғылыми трансформация» атты ІІІ Халықаралық симпозиум өтті.

Халықаралық ғылыми жиынға отандық және шетелдік ғалымдар қатысып, қазақ тілінің ғылым тілі ретіндегі әлеуеті, қазіргі ғылыми кеңістіктегі орны, цифрлық дәуірдегі тіл мен ғылымның дамуы, гуманитарлық зерттеулердің жаңа бағыттары талқыланды.
Симпозиум аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаев пен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Анар Салқынбай «Абай поэзиясындағы эстетикалық талғам мен тұтастық» тақырыбында баяндама жасады.
Халықаралық симпозиум қазақ тілінің ғылыми коммуникациядағы қызметін кеңейтуге, ғылыми тәжірибе алмасуға және қазіргі цифрлық трансформация жағдайындағы қазақ тілінің даму бағыттарын талқылауға арналған маңызды ғылыми алаң болды.
Басқа жаңалықтар