Гонконг политехникалық университетінің ғалымдары қонақ дәрісін өткізді — ҚазҰУ

Гонконг политехникалық университетінің ғалымдары қонақ дәрісін өткізді

30 қыркүйек 2026
Гонконг политехникалық университетінің ғалымдары қонақ дәрісін өткізді

2026 жылғы 30 қыркүйекте Әл-Фараби кітапханасында (303 аудитория) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ География және табиғатты пайдалану факультетінің рекреациялық география және туризм кафедрасы ұйымдастырған қонақ дәрісі өтті. Студенттер мен оқытушылар алдында Гонконг политехникалық университетінің (The Hong Kong Polytechnic University, PolyU) өкілдері сөз сөйледі: Dr. Dan WANG, профессор, Туризмді цифрлық трансформациялау ғылыми-зерттеу орталығы (Research Centre for Digital Transformation of Tourism, RCDTT) директорының орынбасары және May YANG, постдокторант, RCDTT қызметкері.

Іс-шара PolyU–ҚазҰУ «Орталық Азиядағы тұрақты даму орталығы» бірлескен жобасы аясында өтті.

Кездесу жылы әрі достық ахуалда өтті. Қонақтар бірлескен ғылыми және білім беру қызметінің перспективалары туралы айтып, туристік білім берудегі үлкен тілдік модельдерді қолдануға және Орталық Азия жоғары оқу орындарында білім алушылардың құзыреттерін дамытуға арналған «LLM-Enabled Capability Building in Tourism Education: A Mixed-Methods Study in Central Asian Higher Education» ғылыми жобасына ерекше назар аударды. Сондай-ақ бірлескен білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Дәріс тыңдаушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Магистранттар мен докторанттар пікірталасқа белсенді қатысып, жасанды интеллектінің ғылыми зерттеулер мен оқу үдерісіндегі мүмкіндіктері, туризмдегі цифрлық трендтер, сондай-ақ академиялық ұтқырлық пен бірлескен жобаларға қатысу мүмкіндіктері туралы көптеген қызықты сұрақтар қойды. Қонақтар сұрақтарға асқан ықыласпен жауап беріп, өз тәжірибелерімен бөлісті, бұл кездесуді шын мәнінде мазмұнды әрі шабыттандыратын етті.

Іс-шараға География және табиғатты пайдалану факультетінің деканы А.С. Ақтымбаева, рекреациялық география және туризм кафедрасының меңгерушісі Р.М. Байбуриев, сондай-ақ кафедраның магистранттары мен докторанттары қатысты.

Бұл кездесу әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тұрақты туризм және туристік саланы цифрлық трансформациялау салаларындағы жетекші шетелдік университеттермен халықаралық ынтымақтастығын нығайтудағы маңызды қадам болды. Тараптар әрі қарай да жемісті өзара іс-қимыл жасап, бірлескен бастамаларды жүзеге асыратынына сенім білдірді.