«Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы»
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасы тыңдаушылары арасында
Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған «Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы» тақырыбында ТДМ 4 . Сапалы білім негізінде кураторлық сағат өтті.
Мақсаты: тыңдаушыларға ұлттық сана, патриотизм тәрбиесін беру, ата-бабамыздан қалған асыл мұра, салт-дәстүр мен тілді қастерлеуге үйрету. Негізгі құндылықтар: Тіл, дін, атамекен, ұлттық өнер, әдет-ғұрып және тарих ұғымдарының мәнін түсіндіру. Қазақ халқының салт-дәстүрі, қолөнері мен ұлттық киімдері туралы қысқаша мәлімет беру.
Шара барысында мақал-мәтел және тыйым сөздер сайысы ұйымдастырылды. Халқымыздың тәрбиелік мәні бар нақыл сөздерінің мән-мағынасы ортаға салынды. Аталған Іс-шараның Атамекенге алғаш табан тіреген қандас тыңдаушылар үшін берері мол болды.
Басқа жаңалықтар