«Дені сау студент – жарқын болашақ» — ҚазҰУ

«Дені сау студент – жарқын болашақ»

30 қыркүйек 2026
«Дені сау студент – жарқын болашақ»

«Дені сау студент – жарқын болашақ» тақырыбында студенттерге денсаулықты сақтаудың маңыздылығы, салауатты өмір салтын қалыптастыру, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі және зиянды әдеттердің алдын алу мәселелеріне арналған дәріс өткізілді. Іс-шара барысында студенттердің өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы, күн тәртібін тиімді ұйымдастыруы және денсаулыққа пайдалы әдеттерді қалыптастыруы жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Аталған іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 3-мақсаты – «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» бағытымен сабақтас. Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің денсаулық мәдениетін арттыру, салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру және денсаулықты нығайтуға бағытталған мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.

Іс-шара нәтижесінде студенттердің салауатты өмір салты туралы түсініктері кеңейіп, денсаулықты сақтаудың маңыздылығы туралы ақпараттық сауаттылығы артты.