ҚазҰУ-да сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кездесу өтті — ҚазҰУ

ҚазҰУ-да сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кездесу өтті

17 қыркүйек 2026
ҚазҰУ-да сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кездесу өтті

Бүгін Білімнің қара шаңырағы – Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Механика-математика факультетінің «Қызыл» залында университетіміздің Комплаенс бақылау қызметінің басшысы Анар Амандықова мен ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің маманы Мөлдір Серікқызы «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында студенттерге профилактикалық жұмыстар жүргізді.

Бұл кездесуге университетіміздің Журналистика факультеті деканының орынбасары PhD Ержан Жұмабекұлымен бірге Әсел Қабжан, Ақгүл Еркін, Жанерке Айдар, Нұрсая Абиева, Арайлым Мадихан,  Альбина Есқуатова, Нурали Дастанбек, Саяжан Жансерік, Айым Баспакова, Асем Жолаева, Жамиля Ибраева және т.б. студенттер қатысты. Кездесуде жемқорлық түрлерін баяндап, күнделікті өмірде кездесетін мүліктік сипаттағы игілік жағдайларда дұрыс әрекет ету және кімге жүгіну керектігі туралы түсіндірілді.

Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың цифрландыру жүйесін негізге ала отырып, жемқорлық жағдайларын азайту мақсатында үлкен ашықтық пен әділдікті талап ететін Е-қызметтері жүйесіне жүгінуге болатынын да айтты. Қандай да бір құқықбұзушылық жағдайлары орын алған кезде 1424 байланыс нөміріне қоңырау шалуға болатыны ескертілді. Кездесу студенттерге академиялық қағидаттардың маңызын тереңірек ұғынуға мүмкіндік берді. Дәл осындай профилактикалық жұмыстардың жүргізілуі әрбір ҚР азаматы үшін маңызды. Заңды біліп, тәртіпке бағыну – біздің міндетіміз.

«Журналистика» мамандығының 
2 курс студенті Әсел Қабжан