Омбы қаласындағы ҚазҰУ филиалының студенттері Филология факультетімен танысты.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Омбы қаласындағы филиалының студенттері ҚазҰУ-дың Филология факультетіне арнайы келіп, факультеттің білім беру, ғылыми-зерттеу және мәдени-ағартушылық бағыттағы қызметімен танысты.Кездесу барысында қонақтарға Филология факультетінің қалыптасу тарихы, құрылымы, білім беру бағдарламалары, кафедралары мен негізгі ғылыми бағыттары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар студенттерге факультеттегі оқу үдерісі, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу мүмкіндіктері, шығармашылық ізденіс пен кәсіби дамуға бағытталған бастамалар таныстырылды.Кездесу аясында Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының ассистент-профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Л.А. Мекебаева кафедраның негізгі қызмет бағыттарына тоқталып, білім беру бағдарламалары мен ғылыми-зерттеу жұмыстары жөнінде мәлімет берді.

Сондай-ақ кафедраның ғылыми-әдістемелік және мәдени-ағартушылық жобалары таныстырылып, студенттердің сауалдарына жауап берілді.Омбылық студенттер факультеттегі оқу бағдарламалары, кафедралардың ғылыми-зерттеу қызметі, студенттік бастамалар мен академиялық мүмкіндіктерге қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Еркін пікір алмасу форматында өткен кездесуде қонақтар ҚазҰУ-дың филологиялық білім беру ортасы туралы кеңірек мағлұмат алды.Филология факультетінде ұйымдастырылған кездесу студенттердің университеттің академиялық ортасымен жақынырақ танысуына, филологиялық білім мен ғылымның заманауи бағыттары жөніндегі түсінігін кеңейтуіне мүмкіндік берді. Сонымен қатар іс-шара ҚазҰУ-дың Омбы қаласындағы филиалы мен университеттің академиялық құрылымдары арасындағы өзара байланысты нығайтып, тәжірибе және білім алмасу бағытындағы ынтымақтастықты дамытуға жол ашты.
Филология факультеті
Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы
Басқа жаңалықтар