«Туған өлкені тану – елді тану» танымдық саяхаты
2026 жылғы 25 қыркүйекте Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультеті, Рекреациялық география және туризм кафедрасының студенттері үшін «Туған өлкені тану – елді тану» тақырыбында танымдық саяхат ұйымдастырылды.

Саяхат барысында студенттер туған өлкенің табиғи ерекшеліктерімен танысып, оның тарихи-мәдени және рекреациялық маңызына назар аударды. Табиғи нысандарды бақылау, қоршаған ортаны зерттеу және өлкетану бағытындағы практикалық жұмыстар арқылы студенттер теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, туған жер туралы танымдарын кеңейтті.

Танымдық саяхаттың негізгі мақсаты – студенттердің туған өлкені зерттеуге деген қызығушылығын арттыру, табиғи және мәдени мұраларға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру және болашақ туризм мамандарының өлкетанушылық білімін жетілдіру. Туған жерді танып-білу арқылы студенттер еліміздің табиғи байлығы мен тарихи-мәдени құндылықтарын тереңірек түсінуге мүмкіндік алды.
Басқа жаңалықтар