Наноинженерия – көміртекті материалдардың химиясы мен физикасы

10 қыркүйек, 2016

13-15 қыркүйек аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Наноинженерия – көміртекті материалдардың химиясы мен физикасы» атты IX халықаралық симпозиум мен «Наноэнергетикалық материалдар мен наноэнергетика» халықаралық конференция өтеді.

Ұйымдастырушылар: ҚазҰУ, университет жанындағы жану мәселелері ғылыми-зерттеу институты, Ресей ғылым академиясы Сібір бөлімшесінің В.Воеводский атындағы химиялық кинетика және жану институты,

Симпозиум мен конференцияда ТМД елдерінен (Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Грузия, Украина) мен алыс шетелден (АҚШ, Ұлыбритания, Израиль, Италия, Франция, Польша, Жапония, Германия, Индия, Қытай) келген ғылыми ұйымдардың, ғылым академияларының 100-ге жуық басшылары, танымал ғалымдар, жоғары оқу орындарының студенттері мен мамандары физика және химия саласындағы өзекті тақырыптарды талқылайды. Аталмыш іс-шараға Нигерия елінің ғалымдары мен студенттері алғаш рет қатысайын деп отыр.

Конференция мен симпозиум Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың қатысуымен және қаржылық қолдауымен жүзеге асып отыр.

 

Іс-шараның өтетін орны мен уақыты: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, химия және химиялық технологиялар факультетінің оқу корпусы (малахит залы), ашылуы 13 қыркүйек, сағ.09:30

Қосымша ақпарат үшін: З.А. Мансуров - төраға, тel.: +7(727) 267 5111, e-mail: zmansurov@kaznu.kz; А. Темiрхан – ұйымдастыру комитеті хатшысы, тeл. +7 (727) 292 4346, e-mail: ipg_almaty2016@mail.ru.

БАҚ өкілдерін тіркеу үшін: 8(727) 377 3148/49.