- Басты бет
- Жаңалықтар
- Кенелерден, жәндіктерден және табиғи-ошақтық инфекциялардаян қорғану тәсілдері.
Кенелерден, жәндіктерден және табиғи-ошақтық инфекциялардаян қорғану тәсілдері.
Денсаулық сақтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында 22-қыркүйек 2026 жылы «Кене, жәндіктер және табиғи-ошақтық инфекциялардан қорғану жолдары» тақырыбында География және табиғатты пайдалану факультетінің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының аға оқытушысы Қалдыбаева С.Т. 6В11201-Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі БББ 3-курс студенттеріне семинар өткізді.
Семинардың негізгі мақсаты – кене және жәндіктер арқылы таралатын жұқпалы аурулардың алдын алу, табиғи-ошақтық инфекциялар туралы ақпараттандыру және қауіпсіздік шараларын сақтау мәдениетін қалыптастыру.
Семинар барысында табиғи-ошақтық инфекциялардың таралу ерекшеліктері, олардың алдын алу шаралары және кене шаққан жағдайда жасалатын әрекеттер туралы жан-жақты түсіндірді. Қатысушыларға табиғат аясында болған кезде сақтық шараларын сақтау, жабық киім кию, репелленттерді пайдалану, денені және киімді кене бар-жоғына тексеру қажеттігі айтылды.
Сонымен қатар, кене шаққан жағдайда кенені өз бетінше дұрыс емес тәсілмен алып тастамау, медициналық ұйымға жүгіну және мамандардың кеңесін алу қажеттігі түсіндірілді.
Семинар барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Іс-шара соңында табиғи ортада қауіпсіздік ережелерін сақтау және жұқпалы аурулардың алдын алуда әр адамның жауапкершілігі маңызды екені атап өтілді.
Сақтық шараларын сақтау – денсаулықты қорғаудың маңызды қадамы!
Басқа жаңалықтар