«Психология туристік қызмет» пәні бойынша аудиториядан тыс сабақ өтті
2026 жылғы 30 қыркүйекте «Туризм» мамандығының студенттері үшін «Психология туристік қызмет» пәні аясында оқытушы Бейсахмет А.А. ұйымдастыруымен «Дом маньяка» квестінде аудиториядан тыс сабақ өткізілді.
Сабақтың негізгі мақсаты – студенттердің психологиялық білімдерін тәжірибе жүзінде бекіту, топтық қарым-қатынас, бірлесіп шешім қабылдау және стресстік жағдайларда әрекет ету дағдыларын дамыту.

Квест барысында студенттер түрлі логикалық тапсырмаларды орындап, уақыт шектеулі және эмоционалдық тұрғыдан ерекше жағдайда өзара әрекет етті. Ойын барысында командалық жұмыс, көшбасшылық, коммуникация, эмоцияларды басқару және шешім қабылдау қабілеттері байқалды Аудиториядан тыс сабақ студенттерге туристік қызмет барысында маңызды болып табылатын психологиялық ерекшеліктерді тәжірибе арқылы түсінуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар сабақ топ мүшелері арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.
Басқа жаңалықтар