- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Заң мен тәртіп» аясында студенттерге Ар-намыс кодексі мен ҚазҰУ ережесі таныстырылды
«Заң мен тәртіп» аясында студенттерге Ар-намыс кодексі мен ҚазҰУ ережесі таныстырылды
Кеше, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Журналистика факультетінің «Кино және медиа» мамандығына 2026-2027 оқу жылында жаңадан қабылданған 1-курс студенттерімен КУРАТОР ретіндегі алғашқы кездесуімізді өткіздік.
Бұл – университет қабырғасындағы алғашқы ресми кездесу болғанымен, оны барынша жылы әрі еркін форматта ұйымдастыруға тырыстық. Бір дастархан басында отырып танысып, студенттік өмір, шығармашылық орта, алдағы оқу жылдары туралы әңгімелестік.
Кездесу барысында студенттерді ҚазҰУ студентінің Ар-намыс кодексімен және университеттің ішкі тәртіп ережелерімен таныстырып, ТОП басшыларын сайлап, университет студенті болудың жауапкершілігі мен мүмкіндіктері туралы сөз қозғадық.
Кездесудің ерекше сәті – 1-курс студенті Сымбатты «Қазақ аруы» байқауының жеңімпазы атануымен құттықтауымыз болды. Сымбаттың бұл жетістігі – жаңа буын студенттеріміздің таланты мен белсенділігінің жарқын көрінісі. Бірінші курстан-ақ өзара сыйластық, ашықтық және шығармашылық атмосфера қалыптастыру – біз үшін маңызды. Қош келдіңіздер, Кино және медиа мамандығының жаңа буыны! Алдарыңызда – жаңа орта, жаңа достар, талай шығармашылық жоба мен үлкен мүмкіндік. Университеттегі алғашқы қадамдарыңыз сәтті болсын!

Басқа жаңалықтар