Студенттердің бойында адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және ұстаз мамандығына деген құрметті арттыру мақсатында «Қазақ филологиясы» мамандығының студенттерімен «Ұстазым — ұлағатым» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Іс-шара өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі және кәсіби маман қалыптастырудағы ұстаздардың өлшеусіз рөлі мен еңбегін ұлықтауға арналды.

Кураторлық сағат барысында білім алушылар ұстаз мамандығының қоғамдағы маңызы туралы сөз қозғап, өздерінің ақ тілектері мен жылы лебіздерін арнады. Сонымен қатар, студенттер тәрбие мен білімнің егіз ұғым екенін атап өтіп, өмірлік бағыт-бағдар негізі ретінде тәрбиенің маңыздылығын талқылады. Кездесу өте жылы, рухани және мазмұнды атмосферада өтіп, студенттерге ерекше әсер сыйлады.
Басқа жаңалықтар