«Оқитын ұлт – озық ұлт» кітап оқу челленджі ұйымдастырылды
2026 жылғы 30 қыркүйекте Журналистика факультетінің Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасында «Тәуелділіктен азат өмір» тақырыбында кезекті кураторлық сабақ ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында заманауи тәуелділіктердің алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және тұлғаның ішкі еркіндігі мен тәуелсіз ойлау мәдениетінің маңызын түсіндіру.
Кураторлық сабақ барысында қатысушылар қазіргі қоғамдағы тәуелділіктің түрлі формалары, оның адам өміріне және тұлғалық дамуына әсері туралы пікір алмасты. Сонымен қатар еркіндіктің шығармашылық үдерістегі рөліне ерекше назар аударылды.
Сабақ барысында студенттер ішкі бостандық пен тәуелсіз ойлаудың тұлғалық қалыптасуға, шығармашылық әлеуетті дамытуға және тың идеяларды жүзеге асыруға ықпалы жөнінде өз ойларын ортаға салды. Еркін ойлайтын, өз таңдауына жауапкершілікпен қарайтын тұлға ғана шығармашылық мүмкіндіктерін толық аша алатыны атап өтілді.
Кураторлық сабақ студенттердің өз өмір салты мен таңдауларына сыни тұрғыдан қарауына, тәуелділіктің алдын алуға және шығармашылық еркіндіктің құндылығын түсінуге бағытталған мазмұнды пікір алмасу алаңына айналды.
Басқа жаңалықтар