«Historical Toponymy of the Early Turkic Tribes: Contemporary Research Practices» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми дөңгелек үстел — ҚазҰУ

«Historical Toponymy of the Early Turkic Tribes: Contemporary Research Practices» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми дөңгелек үстел

10 қыркүйек 2026
«Historical Toponymy of the Early Turkic Tribes: Contemporary Research Practices» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми дөңгелек үстел

 

2026 жылғы 10 қыркүйекте Стамбұл қаласында Rimer akademiasi зерттеу орталығының қолдауымен «Ерте түркі тайпаларының тарихи топонимиясы: заманауи зерттеу тәжірибелері» тақырыбында халықаралық ғылыми дөңгелек үстел өтті. Гранттық қаржыландыру аясындағы AP23488984 «Қазақ халқының этникалық территориясының қалыптасу аспектісіндегі ортағасырлық топонимика» жобасының міндеттерін іске асыру шеңберінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Тарих факультеті, Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушылары А.О. Қошымова мен Г.И. Менситова негізгі баяндамашылар әрі сарапшылар ретінде қатысты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты түрік ғалымдарымен бірлесіп ерте түркі тайпаларының тарихи топонимиясын зерттеу саласындағы заманауи зерттеу тәжірибелерін талдау, осы зерттеу саласының дереккөздік базасын кеңейту және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайту болды. Аталған мақсат Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 17-мақсаты «Тұрақты даму жолындағы әріптестік» аясындағы міндеттерге сәйкес келеді.