Құқықтық мәдениет және жастар — ҚазҰУ

Құқықтық мәдениет және жастар

6 қазан 2026
Құқықтық мәдениет және жастар

6 қазан күні  жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында ТДМ 16 «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» аясында жаңадан келген қандас тыңдаушыларға арналған «Құқықтық мәдениет және жастар» тақырыбында кураторлық сағат өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты - тыңдаушыларды Қазақстан Республикасының заңнамасымен таныстыру, құқықтық сауаттылығын арттыру, өз құқықтары мен міндеттерін түсінуге және жаңа ортаға бейімделуіне қолдау көрсету.

Кураторлық сағат барысында заң талаптарын сақтаудың, қоғамдық тәртіпті құрметтеудің және азаматтық жауапкершілік танытудың маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар құқықтық мәдениеттің күнделікті қарым-қатынастағы өзара сыйластықтан, өзгенің құқығын құрметтеуден және әр адамның өз әрекетіне жауапкершілікпен қарауынан басталатынына назар аударылды.

Атажұртқа білім алуға келген қандас жастар үшін еліміздің заңдарын білу - өз құқықтарын қорғауға, міндеттерін саналы атқаруға және жаңа әлеуметтік ортада сенімді қадам жасауға мүмкіндік беретін маңызды тірек.

Кездесу ТДМ 16 көздейтін заң үстемдігін қолдау, әділдік пен құқықтарға құрметті нығайту құндылықтарымен үндеседі. Мұндай тәрбиелік іс-шаралар тыңдаушылардың құқықтық білімін кеңейтіп, университет өміріне белсенді араласуына және саналы әрі жауапты тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді.

            Заңды білу - өз құқығыңды қорғаудың бастауы, ал заңды құрметтеу - азаматтық мәдениеттің айқын көрінісі!