Филология факультетінің 17 жатақханасында «ТДМ-4» «Экологиялық білім» аясында 2026 жылдың 1қазанында Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының профессоры С.Ержанованың ұйымдастыруымен «Экоәдебиеттанудың негіздері » атты дәріс өтты. Дәрісті ф.ғ.д., профессор Сәуле Ержанова мен География факультетінің оқытушысы, география ғылымдарының кандидаты, доцент Әлім Мылқайдаров жүргізді. Дәріске филолог студенттермен бірге географ студенттер қатысты. Дәрісті география ғылымдарының кандидаты, доцент Әлім Мылқайдаров XI ғасырдың өзекті мәселелерінің бірі – қоршаған ортаны қорғау және адамзаттың табиғатпен үйлесімді өмір сүруін қамтамасыз ету мәселесімен бастады. Әсіресе, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерімен қатар, антропогендік әсердің күшеюі табиғи ортада қайтымсыз өзгерістерге алып келіп жатқанын нақты тұрмыстағы мысалдармен слайд арқылы талдап, түсіндірді. Ең бірінші оның орны толмас салдарына тоқталып арты неге соқтыратынына мән берді. Сол үшін де әрқайсысымыз экологиялық мәдениетті дамытуды өзіміздің өмір сүруіміздің басты мақсатымызға айналдыру керектігіне басымдық танытты. Дәріскер, ғалым экологиялық мәдениетті адамның табиғатпен өзара байланысындағы дүниетанымдық, адамгершілік және тәжірибелік ұстанымдары негізінде қарастырды. Ол тек жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғамның даму деңгейін көрсететін өлшем болып табылатынын аса мән берді. Экологиялық мәдениетті қалыптастыруда білім беру жүйесінің орны ерекшеекені белгілі. Университет – тек кәсіби маман даярлайтын орта ғана емес, сонымен қатар азаматтық, экологиялық және мәдени құндылықтарды бойға сіңіретін рухани орталық. Демек, жасыл кампус концепцияларын жүзеге асыру (энергия үнемдеу, қалдықтарды сұрыптау, көгалдандыру) сияқты міндеттемелер өзекті мәселеге айнала бермек. Дәрісте Қазақстанда экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мен қоғамдық бастамаларға тоқталып оның жүзеге асырылу көрсеткіштерін маңызды фактор ретінде талдады.Ал, профессор С.Ержанова өзінің дәрісінде экоәдебиеттану – әдеби шығармалардағы адам мен табиғаттың қарым-қатынасын зерттейтін әдебиеттану бағыты екендігіне басымдық берді . Бұл бағыт табиғаттың көркем мәтінде қалай бейнеленетінін, адамның қоршаған ортаға әсерін, экологиялық мәселелердің әдебиеттегі көрінісін талдайтынынан хабардар етті. Экоәдебиеттану (ecocriticism) – әдебиет пен табиғи ортаның арасындағы байланысты зерттейтін пәнаралық ғылым саласы.
.jpeg)
Ол әдебиетті тек эстетикалық құбылыс ретінде емес, адамның табиғатқа көзқарасын қалыптастыратын мәдени феномен ретінде қарастырлатынына тоқталды. «Экоәдебиеттану – әдебиет пен физикалық ортаның арасындағы байланысты зерттеу» деген тқұжырымға келген профессор Антропоцентризм – адамды табиғаттан жоғары қоюы жәнеЭкоцентризм Экоцентризм табиғаттың адамнан тәуелсіз құндылығы бар екенін мойындауы мәселелеріне тоқталды. Әсіресе, Экологиялық сана-Әдебиет оқырманның табиғатқа деген жауапкершілігін қалыптастыратын құбылысқа айналу керектігіне басымдық берді. Оны дәріскер нақты мысалдар арқылы яғн ақын-жазушылар шығармаларынан мысалдар келтіре отырып мынадай мәселелердің мәнін ашты: Шығарма табиғатты қалай көрсетеді? Табиғат субъект пе, әлде фон ғана ма?-Кейіпкердің табиғатпен байланысы қандай?-деген өзекті сұрақтарға жауап берді.
.jpeg)
Дегенмен, елімізде экологиялық мәдениет деңгейі әлі де төмен екендігі туралы студенттердің жарыса айтқан мысалдарынан байқадық. Студенттердің жарыссөзіне айналған дәріс тақырыбы көкейдегі көп ойды қозғады. Шындығында қоғамның едәуір бөлігі табиғатты тұтыну нысаны ретінде қарастыратыны рас. Экологиялық құқық бұзушылықтар, тұрмыстық қалдықтарды бей-берекет тастау, ресурстарды ысырап ету сияқты мәселелер жиі кездесетінін де жасыра алмаймыз. Сондықтан экологиялық мәдениет – бұл тек экологиялық білім ғана емес, бұл – болашақ ұрпаққа деген жауапкершілік екенін түсінетін кез келді. Жоғары оқу орындары бұл бағытта шешуші рөл атқарады.Университетіміздің жол картасында да бұл мәселеге де мән берілген.
Басқа жаңалықтар