«Zero Tolerance»: Құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік мәдениеті қалыптастырылды — ҚазҰУ

«Zero Tolerance»: Құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік мәдениеті қалыптастырылды

29 қыркүйек 2026
«Zero Tolerance»: Құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік мәдениеті қалыптастырылды

  2026 жылғы 29 қыркүйекте «Заң мен тәртіп» жобасы аясында География және табиғатты пайдалану факультетінде «Zero Tolerance» – құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» мәдениетін қалыптастыру тақырыбында полиция өкілдерімен кездесу өтті.

  Кездесу барысында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды. Полиция өкілдері қоғамдық тәртіпті сақтау, жауапкершілік және құқықтық нормаларды бұзудың салдары туралы маңызды ақпарат беріп, күнделікті өмірде заң талаптарын сақтаудың маңыздылығына тоқталды.

  Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, қоғамдық қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға шақыру және кез келген құқық бұзушылыққа немқұрайлы қарамау қағидатын насихаттау. Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.