«Заң мен тәртіп» бағыты бойынша кездесу өтті — ҚазҰУ

«Заң мен тәртіп» бағыты бойынша кездесу өтті

6 қазан 2026
«Заң мен тәртіп» бағыты бойынша кездесу өтті

  2026 жылғы 6 қазанда Жас Ғалымдар үйінде «Заң мен тәртіп» бағыты аясында арнайы жиналыс өтті. Кездесу барысында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын сақтау және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.Кездесуге факультет декандарының орынбасарлары, Университет қалашығының бас маманы Б.К. Дихан және Ішкі бақылау қызметінің бас маманы К.Т. Үскенбаев қатысты.

  Жиында жастар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, жауапкершілікті арттыру және қауіпсіз орта қалыптастырудың маңыздылығы айтылды. Қатысушыларға заңды құрметтеу, өз құқықтары мен міндеттерін білу және қоғамдағы тәртіпті сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді.

  Кездесу жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, заң мен тәртіп қағидаларын күнделікті өмірде ұстануға бағытталды. Іс-шара барысында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

 

Әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі деканның орынбасары Сакенова Айгерім Нұрланқызы.