Ғылым елдерді, идеялар мен адамдарды біріктіреді!
29 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Химия және химиялық технология факультетінде Аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасының шетелдік оқытушысы, PhD, зерттеуші-доцент Adeloye Adewale Olufunsho дәріс өткізді.
«Ұлттар достығы – ғылымдағы ынтымақтастық негізі» атты мазмұнды дәріс халықаралық академиялық және ғылыми ынтымақтастықты дамытуға бағытталған маңызды іс-шаралардың бірі болды.
Дәріс барысында халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың, білім мен кәсіби тәжірибе алмасудың, академиялық байланыстарды нығайтудың маңыздылығына, сондай-ақ түрлі елдердің зерттеушілерін ортақ ғылыми мақсаттар жолында біріктіруге ерекше назар аударылды.
Мұндай кездесулер студенттер мен жас зерттеушілер үшін ерекше маңызға ие. Олар ғылыми көкжиегін кеңейтуге, халықаралық тәжірибемен танысуға, жаңа идеялармен алмасуға және кәсіби әрі ғылыми дамудың жаңа мүмкіндіктерін айқындауға жол ашады.
Халықаралық диалог пен ынтымақтастық жаңа зерттеулерге, бірлескен жобаларға және ғылыми жетістіктерге берік негіз қалайды.
Ғылым шекара талғамайды – ол адамдарды біріктіреді! Достық, білім және ынтымақтастық – ортақ болашағымыздың берік негізі!
Басқа жаңалықтар