Мерейлі марапат құтты болсын! — ҚазҰУ

Мерейлі марапат құтты болсын!

7 қазан 2026
Мерейлі марапат құтты болсын!

Ұстаздар күніне орай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасының доценті, химия ғылымдарының кандидаты Гүлжан Лукпановна Бадавамова Қазақстан Республикасының Президенті тағайындаған «Құрмет» орденімен марапатталды! 
Бұл мәртебелі марапат – Гүлжан Лукпановнаның ғылым мен білім саласындағы көп жылғы қажырлы еңбегінің, білікті мамандар даярлауға қосқан зор үлесінің және ұстаздық қызметінің жоғары бағалануы.
Құрметті Гүлжан Лукпановна, Сізді осынау жоғары мемлекеттік марапатыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! 
Еңбегіңіз еленіп, абыройыңыз асқақтай берсін! Ғылым мен білім жолындағы қызметіңізге толағай табыс, зор денсаулық, шығармашылық жетістіктер мен жаңа белестер тілейміз!
Мәртебелі марапатыңыз құтты болсын!