Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Eurasia-Pacific Uninet (EPU) пленарлық отырысы мен Erasmus+ ынтымақтастық семинары өз жұмысын бастады — ҚазҰУ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Eurasia-Pacific Uninet (EPU) пленарлық отырысы мен Erasmus+ ынтымақтастық семинары өз жұмысын бастады

7 қазан 2026
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Eurasia-Pacific Uninet (EPU) пленарлық отырысы мен Erasmus+ ынтымақтастық семинары өз жұмысын бастады

2026 жылғы 7 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде (Алматы қ.) Eurasia-Pacific Uninet (EPU) желісінің пленарлық отырысы мен Еуропалық одақтың Erasmus+ бағдарламасы бойынша ынтымақтастық семинары ресми түрде ашылды. Ауқымды форум Австриядан, Орталық Азия мен Еуропа елдерінен келген жетекші ғалымдарды, дипломаттарды, білім беру сарапшылары мен университет басшыларын бір алаңға біріктірді.

Ашылу салтанаты құрметті қонақтардың құттықтау сөздерімен басталды: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев, Австрияның Қазақстандағы Елшісі Андреа Бахер, OAD басқарушы директоры Якоб Калис және EPU президенті, профессор Джозеф Штробл. Қатысушылар өңіраралық диалогты нығайтудың стратегиялық маңыздылығын атап өтті.

Бірінші күннің басты оқиғасы Еуроодақтың «Жаһандық қақпалар» бастамасына арналған пленарлық сессиялар болды. Талқылау барысында академиялық ынтымақтастықтың БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарымен (ТДМ / SDGs) тығыз байланысына ерекше назар аударылды. ТДМ қағидаттарын білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобаларға енгізу сапалы білім беру (4-ТДМ), лайықты жұмыс және экономикалық өсу (8-ТДМ), сондай-ақ тұрақты даму мүддесі үшін серіктестік (17-ТДМ) мақсаттарына қол жеткізудің негізі болып табылады.

Әл-Фараби кітапханасында серіктес жобалар мен EPU көрмесі ұйымдастырылды. Көрме алаңында білім берудегі инновациялар мен тұрақты дамуға бағытталған Erasmus+ Leslie халықаралық жобасы таныстырылды. Жоба нәтижелерін презентациялау команданың жаһандық күн тәртібіне қосқан үлесін көрсетуге мүмкіндік берді.

Үш күндік форумның жұмысы 8-9 қазанда панельдік пікірталастармен, дөңгелек үстелдермен және «Горизонт Европа» бағдарламасына арналған сессиялармен жалғасады. ҚазҰУ, EPU және OAD ұйымдастырған шара еуразиялық өңірдегі жоғары мектептің орнықты дамуына үлес қосады.