- Басты бет
- Жаңалықтар
- Тайюань технологиялық университетінің өкілдерімен ғылыми кездесу: халықаралық ынтымақтастықты дамыту
Тайюань технологиялық университетінің өкілдерімен ғылыми кездесу: халықаралық ынтымақтастықты дамыту
2026 жылғы 5 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының меңгерушісі Г.Е. Ерғазиеваның ұйымдастыруымен Тайюань технологиялық университетінің (Қытай) өкілдері — профессор Rui Li, қауымдастырылған профессор ChuanMin Ding және доктор Zhang YiPing қатысқан ғылыми кездесу өтті. Кездесу Жану проблемалары институтының каталитикалық процестер зертханасында ұйымдастырылды. Іс-шараға кафедра оқытушылары М.М. Мамбетова мен Н.М. Макаева да қатысты. Кездесу барысында қатысушылар өздерінің ғылыми бағыттары мен зерттеу нәтижелерін таныстырып, катализ және көмірсутектерді өңдеу саласындағы ортақ ғылыми мүдделерді талқылады. Халықаралық ынтымақтастықты нығайту, ынтымақтастық туралы меморандумды дайындау және жасасу, бірлескен зерттеулер жүргізу және Қазақстан–Қытай ғылыми жобаларын әзірлеу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ ғылыми тәжірибе алмасу, академиялық ұтқырлықты дамыту және жас зерттеушілердің біліктілігін арттыру мүмкіндіктері қарастырылды.
Кездесу Қазақстан мен Қытай ғалымдары арасындағы ғылыми әріптестікті дамытуға, тәжірибе алмасуға және бірлескен зерттеулердің келешегін айқындауға мүмкіндік берді. Халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бұл іс-шара ТДМ 17 «Тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік» аясында өткізілді.
Физикалық химия, катализ және мұнай химиясы
кафедрасының меңгерушісі, профессор Ерғазиева Г.Е.
Басқа жаңалықтар