«Қазақстан Республикасы: тарихы, бірлігі және болашағы» — ҚазҰУ

«Қазақстан Республикасы: тарихы, бірлігі және болашағы»

8 қазан 2026
«Қазақстан Республикасы: тарихы, бірлігі және болашағы»

2026 жылғы 7 қазанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Филология факультетінің «Шетел филологиясы және аударма ісі» кафедрасының «Шетел филологиясы» және «Аударма ісі» білім беру бағдарламаларының 3-курс студенттері азаматтық-патриоттық тәрбие бағыты аясында 314-аудиторияда т.ғ.к., доцент С.К. Утениязовпен «Қазақстан Республикасы: тарихы, бірлігі және болашағы» тақырыбындағы кездесуге қатысты. Іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының 16-бағыты – «Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар» мақсатын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.

Аталған іс-шара студенттердің Қазақстан Республикасының тарихы, тәуелсіздігі, ұлттық бірлігі мен болашағы туралы білімдерін кеңейтуге, азаматтық жауапкершілігін арттыруға және патриоттық құндылықтарын қалыптастыруға бағытталды. Кездесу барысында Қазақстанның тарихи дамуы, елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың маңызы, ұлттық бірлік және мемлекеттің болашағы туралы маңызды мәселелер талқыланды.

Кездесудің негізгі идеясы – студенттерге Қазақстан Республикасының қалыптасу тарихын, ел бірлігінің маңызын және мемлекеттің болашағы үшін азаматтық жауапкершіліктің рөлін түсіндіру. Талқылау барысында студенттер Қазақстан тарихындағы маңызды кезеңдерге, ұлттық құндылықтарға, қоғамдағы тұрақтылық пен өзара түсіністіктің маңызына назар аударды.

Іс-шараға қатысу студенттердің азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, тарихи ойлау қабілетін дамытуға және өз елінің тарихына деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті. Сонымен қатар студенттер өз ойларын еркін білдіріп, сұрақтар қойып, кездесуде көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасты.

«Қазақстан Республикасы: тарихы, бірлігі және болашағы» тақырыбындағы кездесу кафедраның тәрбие және білім беру мақсаттарына сәйкес өткізіліп, студенттердің азаматтық-патриоттық санасын арттыруға бағытталды. Аталған іс-шара жастардың ел тарихын тереңірек түсінуіне, ұлттық бірліктің маңызын ұғынуына және Қазақстанның болашағына жауапкершілікпен қарауына ықпал етті.

Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы

 аға оқытушы М.С. Онгарбаева, т.ғ.к., доцент С.К. Утениязов