Корейтану бөлімінің студенттері «2026 BUSAN–ALMATY Medical Partnership Event» халықаралық іс-шарасына қатысты — ҚазҰУ

Корейтану бөлімінің студенттері «2026 BUSAN–ALMATY Medical Partnership Event» халықаралық іс-шарасына қатысты

9 қыркүйек 2026
Корейтану бөлімінің студенттері «2026 BUSAN–ALMATY Medical Partnership Event» халықаралық іс-шарасына қатысты

2026 жылғы 8–9 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының корейтану бөлімінің студенттері Алматы қаласында өткен «2026 BUSAN–ALMATY Medical Partnership Event» халықаралық іс-шарасына қатысты.

Іс-шара Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы денсаулық сақтау және медициналық қызмет көрсету салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталды. 8 қыркүйекте кездесу Best Western Plus Atakent Park Hotel қонақүйінің конференц-залында, ал 9 қыркүйекте Rahat Palace Hotel қонақүйінде өтті.

Аталған іс-шараға қатысу студенттердің кәсіби дүниетанымын кеңейтуге, халықаралық ынтымақтастықтың ерекшеліктерімен танысуына және мәдениетаралық қарым-қатынас саласында құнды тәжірибе жинақтауына мүмкіндік берді.