- Басты бет
- Жаңалықтар
- Рухани-адамгершілік тәрбие «Нашақорлық – ғасыр дерті!» «Салауатты ұрпақ – ел болашағы»
Рухани-адамгершілік тәрбие «Нашақорлық – ғасыр дерті!» «Салауатты ұрпақ – ел болашағы»
Кураторлық іс-шара
2026 жылғы 8 қазанда «Рухани-адамгершілік тәрбие» бағыты аясында «Нашақорлық – ғасыр дерті!» және «Салауатты ұрпақ – ел болашағы» тақырыптарында кураторлық іс-шара өткізілді. Іс-шараны биотехнология кафедрасының оқытушысы, куратор Қайырманова Г.К. ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру, нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру.
Кездесу барысында нашақорлықтың адам денсаулығы мен қоғамға зияны, зиянды әдеттерден аулақ болудың маңызы талқыланды. Көрнекі материалдар негізінде студенттер дұрыс тамақтану, дене белсенділігі және пайдалы әдеттер туралы пікір алмасты. Іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының 3-мақсаты «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» аясындағы есірткі қолданудың алдын алуға қатысты 3.5-міндетімен үндеседі. Кездесу студенттердің денсаулыққа жауапкершілікпен қарауын және рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайтуға бағытталды.


Басқа жаңалықтар