- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Жасанды интеллект әдеби мәтінді қалай оқиды? Дәстүрлі және цифрлық талдау тәжірибесі» атты ғылыми семинар
«Жасанды интеллект әдеби мәтінді қалай оқиды? Дәстүрлі және цифрлық талдау тәжірибесі» атты ғылыми семинар
2026 жылғы 2 қазанда № АP23489843 «Әдебиеттегі жасанды интеллект негіздері: басты механизмдерді, салдарларды және болашақ траекторияларын айқындау» жобасы және ТДМ 4 «Сапалы білім» аясында «7М01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 2-курс магистранттарына арналған «Жасанды интеллект әдеби мәтінді қалай оқиды? Дәстүрлі және цифрлық талдау тәжірибесі» тақырыбында ғылыми семинар өткізілді. Іс-шараны қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының оқытушылары – ф.ғ.д., профессор А.Б. Темірболат, PhD, доцент Г.Р. Дәутова – ұйымдастырды.
Семинар барысында жасанды интеллектінің мәтінді қабылдау, өңдеу және талдау ерекшеліктері, табиғи тілді өңдеу (NLP) технологиялары, мәтіннің мағыналық құрылымын анықтау тәсілдері, сондай-ақ заманауи тілдік модельдердің жұмыс істеу қағидаттары қарастырылды.

Филологиялық зерттеулерде жасанды интеллект құралдарын пайдалану мүмкіндіктеріне, сондай-ақ оларды тіл мен әдебиетті зерттеу барысында сауатты, тиімді және сыни тұрғыдан қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Семинар филология, цифрлық технологиялар және жасанды интеллект тоғысындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған ғылыми алаңға айналып, магистранттардың ғылыми ой-өрісін кеңейтуге және зерттеушілік құзыреттерін дамытуға ықпал етті.
Басқа жаңалықтар