«АШЫҚ ЕСІК КҮНІ»: БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІ ҒЫЛЫМ ӘЛЕМІМЕН ТАНЫСТЫ — ҚазҰУ

«АШЫҚ ЕСІК КҮНІ»: БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІ ҒЫЛЫМ ӘЛЕМІМЕН ТАНЫСТЫ

8 қазан 2026
«АШЫҚ ЕСІК КҮНІ»: БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІ ҒЫЛЫМ ӘЛЕМІМЕН ТАНЫСТЫ

6 қазан 2026 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Химия және химиялық технология факультетінің Химиялық физика және материалтану кафедрасында бірінші курс студенттеріне арналған «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.
Іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының (ЦУР) 4-мақсаты – «Сапалы білім беру» және 9-мақсаты – «Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым» аясында өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – университет табалдырығын алғаш аттаған студенттерді кафедраның білім беру және ғылыми-зерттеу қызметімен таныстыру, олардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру және болашақ кәсіби дамуына бағыт-бағдар беру.
Кездесу барысында бірінші курс студенттеріне Химиялық физика және материалтану кафедрасының ғылыми-зерттеу бағыттары таныстырылды. Профессор-оқытушылар құрамы кафедрада жүргізіліп жатқан іргелі және қолданбалы зерттеулер, заманауи материалдарды алу және зерттеу, нанотехнология, энергетикалық материалдар, химиялық физика және материалтану салаларындағы ғылыми жобалар туралы кеңінен ақпарат берді.
Студенттер кафедраның зертханаларымен танысып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүргізілу барысын көрді. Сонымен қатар ғылыми жобаларға, студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстарына, ғылыми үйірмелер мен зертханалық зерттеулерге қатысу мүмкіндіктері туралы ақпарат алды.
Кафедра профессорлары мен оқытушылары студенттерге жоғары білім берудің тек дәріс пен практикалық сабақтармен шектелмейтінін, университеттегі білім алу үдерісі ғылыми ізденіспен тығыз байланысты екенін атап өтті. Ғылымға қызығушылық таныту, зерттеу жүргізу, жаңа идея ұсыну және алынған нәтижелерді практикада қолдана білу – заманауи маман қалыптастырудың маңызды құрамдас бөлігі.
«Ашық есік күні» барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кафедра ғалымдарымен еркін пікір алмасты. Кездесу жас білім алушыларға кафедраның ғылыми ортасымен жақынырақ танысып, өздерінің болашақ кәсіби және ғылыми бағытын айқындауға мүмкіндік берді.
Бірінші курс – студенттің кәсіби қалыптасуының алғашқы қадамы. Сондықтан студенттерді ғылым әлеміне ерте кезеңнен бастап тарту, олардың зерттеушілік қабілеттерін дамыту және ғылыми шығармашылыққа баулу – сапалы білім берудің маңызды бағыттарының бірі.
Сапалы білім – сапалы ғылымның негізі. Ал ғылымға жасалған алғашқы қадам – болашақтағы үлкен жетістіктердің бастауы.
 

Іс-шараны ұйымдастырғандар: М. Нажипкызы, Б. Діністанова, Ж. Бексұлтан және М. Сүлейменова.