Идеядан зерттеу тақырыбына дейін: студенттерге арналған кездесулер — ҚазҰУ

Идеядан зерттеу тақырыбына дейін: студенттерге арналған кездесулер

9 қазан 2026
Идеядан зерттеу тақырыбына дейін: студенттерге арналған кездесулер

5–9 қазан аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінде 4-курс студенттеріне арналған «Идеядан зерттеу тақырыбына дейін: дипломдық жұмыс тақырыбын қалай таңдауға болады?» тақырыбында кездесулер өтті.

Кездесулерді Экономика және бизнес жоғары мектебі деканының ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Нұрғазы Шыңғыс Әскербекұлы Ғылыми студенттер одағымен бірлесе ұйымдастырды.

Кездесулер барысында студенттерге дипломдық жұмысты дайындау және зерттеу тақырыбын таңдау бойынша ақпарат берілді. Тақырыптың өзектілігін айқындау, зерттеу мақсаты мен міндеттерін тұжырымдау, сондай-ақ студенттің ғылыми қызығушылығын нақты зерттеу мәселесіне айналдыру жолдары талқыланды.

Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, дипломдық жұмысты жоспарлау мен орындауға қатысты кеңестер алды. Кездесулер болашақ түлектерге ғылыми ізденістің бағытын айқындауға және зерттеу тақырыбын саналы түрде таңдауға көмектесті.