Студенттер үйлерінің меңгерушілерімен өткізілген кезекті жиналыс. — ҚазҰУ

Студенттер үйлерінің меңгерушілерімен өткізілген кезекті жиналыс.

5 қазан 2026
Студенттер үйлерінің меңгерушілерімен өткізілген кезекті жиналыс.

        Студенттер қалашығында студенттер үйлеріндегі тұрмыстық жағдайды жақсарту, ішкі тәртіпті сақтау және студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жетілдіруге арналған жиын өтті.

        Жиын барысында алдыңғы кездесуде белгіленген міндеттердің орындалу барысы сараланып, анықталған кемшіліктерді жою бойынша қабылданған шаралардың тиімділігі қарастырылды. Студенттер үйлеріндегі тұрмыс жағдайын жақсарту және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

        Атап айтқанда, санитарлық тазалықтың жай-күйі, студенттер бөлмелері мен ортақ пайдаланылатын орындардың тазалығы, инженерлік-коммуникациялық жүйелердің тұрақты жұмыс істеуі және өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы талқыланды. Қауіпсіздік талаптарын жүйелі түрде бақылау, профилактикалық шараларды тұрақты жүргізу және ықтимал қауіптердің алдын алу қажеттігі атап өтілді.

        Сонымен қатар студенттердің ішкі тәртіп ережелерін сақтау деңгейі, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жастар арасында жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру мәселелері қаралды. Студенттер үйлеріндегі әлеуметтік-психологиялық ахуалды тұрақты бақылауда ұстау, туындаған мәселелерді дер кезінде анықтап, оларды шешу мақсатында тәлімгерлер, студенттік ұйымдар мен жауапты мамандар арасындағы өзара байланысты нығайту ұсынылды.

        Жиында Студенттер қалашығы аумағын абаттандыру, тазалықты сақтау, күзгі-қысқы кезеңде студенттерге қолайлы тұрмыстық жағдай жасау және олардың өтініштері мен тұрмыстық мәселелерін жедел шешу бағытындағы жұмыстардың барысы да талқыланды. Студенттердің ұсыныстары мен өтініштерін қарау сапасын арттыру, кері байланыс тетіктерін жетілдіру және анықталған мәселелер бойынша нақты шаралар қабылдау қажеттігіне баса назар аударылды.

        Жиын қорытындысы бойынша студенттер үйлеріндегі тұрмыс жағдайын одан әрі жақсарту, ішкі тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, санитарлық талаптардың орындалуын бақылауды күшейту және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша нақты міндеттер белгіленді. Жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар беріліп, олардың орындалуын жүйелі түрде бақылау қажеттігі атап өтілді.

        Аталған жұмыстар студенттер үшін қауіпсіз, таза әрі қолайлы орта қалыптастыруға, олардың тұрмыс сапасын арттыруға және Студенттер қалашығындағы тәртіп пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған.