ҚазҰУ-да топырақтану саласы бойынша біліктілікті арттыру курсы өткізілді
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультетінің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының доценті Мұқанова Гүлжанат Амангелдіқызы Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университетінің өкілі Шамуратова Гулназ Муратоваға топырақтану саласы бойынша біліктілікті арттыру курсын өткізді.

Курс аясында топырақтану саласындағы теориялық білімді тереңдетуге, топырақтың қасиеттерін зерттеу әдістерімен танысуға және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша кәсіби дағдыларды жетілдіруге баса назар аударылды.

Аталған іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 4-мақсаты – «Сапалы білім беру» қағидаттарымен үндеседі. Бұл мақсат баршаға инклюзивті әрі әділ сапалы білім беруді қамтамасыз етуге және өмір бойы білім алу мүмкіндіктерін ілгерілетуге бағытталған. Біліктілікті арттыру курсы кәсіби білімді жетілдіруге, жаңа зерттеу әдістерін меңгеруге және тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.
.jpeg)
Сонымен қатар, бұл бастама жоғары оқу орындары арасындағы академиялық ынтымақтастықты нығайтуға, ғылыми тәжірибе алмасуға және топырақтану саласындағы кәсіби әлеуетті дамытуға ықпал етеді.
Басқа жаңалықтар