ҚазҰУ студенттері Erasmus+ бағдарламасы аясында Италияда білім алады
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының «6В03102 – Мәдениеттану» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері Малғаждар Әшір Қажиахметұлы мен Бейбітқызы Медина Erasmus+ академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Италияның Венеция қаласындағы Ca’ Foscari University of Venice университетіне білім алуға аттанды.
Академиялық ұтқырлық студенттердің кәсіби құзыреттерін дамытуға, халықаралық білім беру тәжірибесін меңгеруге және мәдениетаралық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.
Бұл бастама Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық академиялық серіктестігін кеңейтуге, білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға және студенттердің халықаралық академиялық кеңістікке интеграциялануын қолдауға бағытталған.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттердің академиялық ұтқырлығын дамыту және халықаралық ынтымақтастықты нығайту бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда.
Басқа жаңалықтар