Факультет кәсіподақ белсенділері марапатталды
8 қазан 2026
2026 жылғы 8 қазанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 10 қазан – Қазақстан кәсіподақтары күніне орай «Парасат» кәсіподағының мерекелік іс-шарасы өтті.
Іс-шара барысында Философия және саясаттану факультетінің кәсіподақ белсенділері Әлия Өмірбекова мен Ұлжан Тұңғатова университет ректоры Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевтың Алғыс хатымен марапатталды. Ал факультет белсендісі Қанат Нұрғалиевке «Парасат» кәсіподағының төрағасы Т.Қ. Мекебаевтың Алғыс хаты табысталды.
Бұл марапаттар – кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан үлес пен қоғамдық белсенділіктің лайықты бағасы.
Философия және саясаттану факультетінің ұжымы марапат иелерін құттықтап, еңбектеріне табыс пен жаңа жетістіктер тілейді!
Басқа жаңалықтар
9 қараша 2026