Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары климаттық тәуекелдерді бағалау мәселелері бойынша оқуды аяқтады — ҚазҰУ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары климаттық тәуекелдерді бағалау мәселелері бойынша оқуды аяқтады

9 қазан 2026
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары климаттық тәуекелдерді бағалау мәселелері бойынша оқуды аяқтады

2026 жылғы 6–8 қазан аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің метеорология және гидрология кафедрасының оқытушылары Нысанбаева А.С. және Кожахметова Э.П. климаттық бейімделу мәселелері бойынша оқыту семинарына қатысып, климаттық тәуекелдерді бағалаудың әдістемелік негіздері бойынша оқуды сәтті аяқтады.

Оқыту Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) Қазақстандағы өкілдігі бірлесіп жүзеге асыратын «Бейімделуді жоспарлауды институционалдандыру және бейімделу жөніндегі ұлттық жоспарлаудың дәйекті саясаты шеңберінде бейімделу шараларын іске асыруды қамтамасыз ету үшін климаттық тәуекелдерді Қазақстанның даму процестерін жоспарлауға интеграциялау» жобасы аясында ұйымдастырылды.

Оқу барысында қатысушылар климаттық тәуекелдерді бағалаудың әдістемелік тәсілдерімен, бейімделу шараларын жоспарлау мәселелерімен және климаттық факторларды әлеуметтік-экономикалық даму процестеріне интеграциялау жолдарымен танысты. Алынған білім мен практикалық дағдылар кафедраның оқу және ғылыми қызметін жетілдіру, метеорология және гидрология салаларында мамандар даярлау, сондай-ақ климаттық тәуекелдерді бағалау және климаттың өзгеруіне бейімделу бағыттарындағы құзыреттерді дамыту үшін маңызды.

Оқытушылардың осындай білім беру іс-шараларына қатысуы олардың кәсіби біліктілігін арттыруға, оқу процесіне заманауи әдістемелік тәсілдерді енгізуге және ғылыми-білім беру қауымдастығы мен Қазақстан Республикасының климаттық саясаты саласында жұмыс істейтін ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.