ТДМ-4 «Сапалы білім» — ҚазҰУ

ТДМ-4 «Сапалы білім»

9 қазан 2026
ТДМ-4 «Сапалы білім»

2026 жылғы 9 қазанда ТДМ-4 «Сапалы білім» мақсаты аясында ҚазҰУ заң факультетінің 107-топ «Құқықтану» мамандығының студенттері,эдвайзер Турсынкулова Д.А., Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына барды.

Іс-шара барысында студенттер:

🔸Ұлттық кітапхананың оқу залдарымен және кітап қорымен танысты;
🔸кітапханаға тіркелу және оны пайдалану ережелері туралы ақпарат алды;
🔸электрондық ресурстар мен ғылыми ақпарат көздерін пайдалану мүмкіндіктерімен танысты;
🔸құқық саласына қатысты әдебиеттерді іздеу жолдарын үйренді;
🔸кітапхана қорындағы әдебиеттерді пайдалану бойынша тәжірибелік білімдерін толықтырды.

Кітапханаға ұйымдастырылған бұл танымдық сапар студенттердің білім беру ортасына бейімделуіне және өздігінен білім алу дағдыларын дамытуға ықпал етті. Студенттер ғылыми ақпаратпен жұмыс істеу жолдарын меңгеріп, оқу және ғылыми-зерттеу қызметіне қажетті пайдалы мәліметтер алды.