«Таза Қазақстан» жобасы аясында «Қоқыссыз күн» экологиялық челленджі ұйымдастырылды — ҚазҰУ

«Таза Қазақстан» жобасы аясында «Қоқыссыз күн» экологиялық челленджі ұйымдастырылды

10 қазан 2026
«Таза Қазақстан» жобасы аясында «Қоқыссыз күн» экологиялық челленджі ұйымдастырылды

2026 жылғы 10 қазанда «Таза Қазақстан» жобасы аясында 6В05108 – «Биомедицина» мамандығының орыс бөлімінде білім алатын 3-курс студенттері, 6В05108 – «Биомедицина» мамандығының 2 курс студенттері және  6В01502– «Биология» мамандығының 1 курс студенттері «Қоқыссыз күн» экологиялық челленджін ұйымдастырды. 

Іс-шараның мақсаты – студенттердің экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау және табиғатты қорғау құндылықтарын насихаттау. Экологиялық тәрбие сағаты барысында тазалықты сақтау, қалдықтарды дұрыс сұрыптау және қоршаған ортаны ластамаудың маңыздылығы талқыланды. Студенттер табиғатты қорғау әр адамның күнделікті өміріндегі қарапайым әрекеттерден басталатынын атап өтті. Сонымен қатар, тұрмыстық қалдықтарды азайту және қоршаған ортаның тазалығын сақтау бойынша өз ойларымен бөлісті.

 

 

«Қоқыссыз күн» челленджі жастардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға және қоршаған ортаға ұқыпты қарау дағдыларын дамытуға бағытталды. Іс-шараны ұйымдастыруға эдвайзерлер Үсіпбек Ботагөз Абдыханқызы және Есенова Мақпал Әбунасырқызы жетекшілік етті.

 Осындай бастамалар студенттердің табиғатқа деген жанашырлығын арттырып, экологиялық таза қоғам қалыптастыруға өз үлесін қосады.

 

https://drive.google.com/file/d/1VCFxqqBBxGzj-jm626EC09jbqdFdcFYf/view?usp=drive_link

 

https://drive.google.com/file/d/1mkfePeaWgrYCNvCCRBJ78kGLUqJF0JIH/view?usp=drive_link