Факультетте Жоғары оқу орнының оқытушысы күніне арналған дөңгелек үстел өтті — ҚазҰУ

Факультетте Жоғары оқу орнының оқытушысы күніне арналған дөңгелек үстел өтті

1 қазан 2026
Факультетте Жоғары оқу орнының оқытушысы күніне арналған дөңгелек үстел өтті

2026 жылғы 1 қазанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Химия және химиялық технология факультетінде «Қазіргі жоғары мектептегі жас оқытушы: сын-қатерлер, мүмкіндіктер және кәсіби даму» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараны Органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасы (Уркимбаева П.И., Кенесова З.А., Махаева Д.Н. және Аликулов А.Ж.) және факультеттің Жас ғалымдар кеңесі ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелге факультет оқытушылары мен жас ғалымдары қатысты. Өз тәжірибелерімен және кәсіби көзқарастарымен Рединг университетінің (Ұлыбритания) профессоры Виталий Викторович Хуторянский, Химиялық физика және материалтану кафедрасының профессоры Нәжіпқызы Меруерт және PhD, Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің оқу-әдістемелік бірлестігі ғылыми хатшысы Камилла Манапқызы Умбеткалиева бөлісті.

Кездесу барысында жас оқытушылардың кәсіби дамуы, ғылыми және педагогикалық қызметті ұштастыру, халықаралық ынтымақтастық және академиялық мансап құру мәселелері талқыланды.

Іс-шара ашық кәсіби пікір алмасу форматында өтіп, факультеттің жас оқытушылары үшін тәжірибе алмасу және жаңа мүмкіндіктерді талқылау алаңына айналды.

Іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыру аясында өткізілді:

- ТДМ 4. Сапалы білім – баршаға арналған инклюзивті және әділ сапалы білім беруді қамтамасыз ету және өмір бойы білім алу мүмкіндіктерін ынталандыру.

- ТДМ 16. Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар – тұрақты даму мүддесінде бейбітшіл және ашық қоғам құруға жәрдемдесу, сондай-ақ барлық деңгейде тиімді, есеп беретін және кеңінен қатысуға негізделген институттарды қалыптастыру.