- Басты бет
- Жаңалықтар
- Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті үшін ерекше әрі тарихи күн!
Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті үшін ерекше әрі тарихи күн!
7 шілде 2026
Салтанатты диплом табыстау рәсімінде заң факультетінің бакалавриат және магистратура түлектері көптен күткен дипломдарын алып, үлкен өмірге қанат қақты.
Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының тәжірибелі оқытушылары Оңдалыұлы Ернұр, Жайнақ Айдар және Базартаева Еркеназ өздерінің эдвайзерлік топтарының түлектерін жаңа өмір белесіне шығарып салып, ізгі тілектерін арнады. Бұл — шәкірттердің ғана емес, олардың білім мен тәрбие жолында аянбай еңбек еткен ұстаздарының да ортақ жетістігі.
Барша түлектерімізді шын жүректен құттықтаймыз!
Алған білімдеріңіз ел игілігіне қызмет етіп, кәсіби жолдарыңыз биік белестер мен жарқын жетістіктерге толы болсын!
Басқа жаңалықтар
11 қараша 2026