«Заң шығарушы биліктің жаңа архитектурасының, негізі»
2026 жылғы 16 шілдеде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының оқытушылары «Заң шығарушы биліктің жаңа архитектурасының негізі» атты Құрылтай жұмысына қатысты.
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырды және ол заң шығарушы билікті дамыту, конституциялық құрылысты жетілдіру және құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайтудың өзекті мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
Осындай ғылыми-сараптамалық іс-шараларға қатысу кәсіби тәжірибе алмасуға, ғылыми ынтымақтастықты дамытуға және заманауи тәсілдерді білім беру үдерісіне енгізуге ықпал етеді.
Басқа жаңалықтар