- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Сайлаудан шешімдерге: жаңа Құрылтайдың қоғамдық сұранысты іске асырудағы рөлі»
«Сайлаудан шешімдерге: жаңа Құрылтайдың қоғамдық сұранысты іске асырудағы рөлі»
2026 жылғы 24 тамызда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Сайлаудан шешімдерге: жаңа Құрылтайдың қоғамдық сұранысты іске асырудағы рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел барысында жаңа Құрылтайдың қоғамдық сұранысты қалыптастыру мен іске асырудағы, азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылды нығайтудағы рөлі, сондай-ақ қоғамдық бастамаларды шешім қабылдау процесіне кіріктіру мәселелері талқыланды.
Қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, жаңа Құрылтайдың азаматтардың даусын мемлекеттік шешімдер деңгейіне жеткізудегі маңызы мен мүмкіндіктеріне қатысты өзекті мәселелерді талқылады.
Іс-шара пікір алмасуға арналған ашық алаңға айналды. Оның аясында қоғам мен мемлекет арасындағы сындарлы диалогты дамытуға бағытталған маңызды ұсыныстар айтылды.
Іс-шараның ұйымдастырушысы — теория және мемлекет пен құқық тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы.
Басқа жаңалықтар