«Білім. Таңдау. Жауапкершілік» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. — ҚазҰУ

«Білім. Таңдау. Жауапкершілік» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

4 қыркүйек 2026
«Білім. Таңдау. Жауапкершілік» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты — мемлекет пен қоғам арасындағы ашық диалогты дамыту, білімнің ел болашағындағы рөлін айқындау, жастардың азаматтық белсенділігін арттыру, сондай-ақ ұлттық құндылықтар мен қоғамдық жауапкершілік мәселелерін талқылау.
Іс-шараға Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының атынан заң ғылымдарының кандидаты, доцент Исабеков Ақылбек Қашкенович қатысты.
А.Қ. Исабеков дөңгелек үстел барысында «Дәстүрлі қазақ қоғамындағы өкілді билік — Құрылтайдың тарихи-құқықтық сипаты» тақырыбында мазмұнды баяндама жасап, Құрылтай институтының қазақ қоғамындағы тарихи және құқықтық маңызына тоқталды.
Сонымен қатар, іс-шара барысында сапалы білім, ұлттық құндылықтар, азаматтық жауапкершілік, жастардың қоғамдағы рөлі және заманауи қоғамдық өзгерістер мәселелері талқыланып, қатысушылар арасында мазмұнды пікір алмасу өтті.