Тіл - достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы.
5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күніне орай Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң факультетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.м. Қанат Алихан 2 курс студенттерімен «Тіл - достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы» тақырыбында арнайы дөңгелек үстел өткізді.
Кездесу барысында студенттерге Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты мен «Тіл туралы» заңның негізгі ережелері түсіндіріліп, мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірдегі орны мен маңызы талқыланды.
Сонымен қатар әлем елдеріндегі мемлекеттік тілдің қолданылу тәжірибесі, көптілді қоғамдардағы тілдік саясат ерекшеліктері және БҰҰ-ның ресми тілдерінің мәртебесі туралы мазмұнды ақпарат берілді.
Дөңгелек үстел барысында студенттер өз пікірлерін білдіріп, тілдің қоғамдағы біріктіруші рөлі, мәдениетаралық қарым-қатынас және тілдік әртүрлілікті құрметтеу мәселелері бойынша пікір алмасты.
Тіл - тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол халықты біріктіретін, өзара түсіністік пен достықты нығайтатын құндылық.
Басқа жаңалықтар