Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының негізі
2026 жылғы 8 қыркүйекте Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Алматы қаласы Қоғамдық даму орталығы» Алматы гуманитарлық-экономикалық университетінің студенттерімен «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын насихаттауға бағытталған кездесу өткізді.
Іс-шараға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң факультетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Қанат Әлихан арнайы спикер ретінде қатысты. Ол студенттерге «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасының мәнін түсіндіріп, оның негізгі бағыттары мен қоғам үшін маңыздылығына тоқталды.
Кездесу барысында заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар азаматтардың өз құқықтары мен міндеттерін білуі, заң талаптарын сақтау және қоғамдық тәртіпке жауапкершілікпен қарау қажеттілігі атап өтілді.
Спикер студенттермен пікір алмасып, құқықтық білімнің қоғамның тұрақты дамуы мен азаматтардың құқықтарын қорғаудағы рөлін түсіндірді.
Осындай танымдық кездесулер жастардың құқықтық санасын қалыптастырып, азаматтық жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді. Заңды білу мен оны құрметтеу – құқықтық мемлекеттің дамуы мен қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңызды шарттары.
Басқа жаңалықтар