«Заң мен тәртіп» — ҚазҰУ

«Заң мен тәртіп»

9 қыркүйек 2026
«Заң мен тәртіп»

2026 жылғы 9 қыркүйекте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың №18 студенттер үйінде заң факультетінің 1-2 курс студенттерімен тәлімгерлердің кездесуі өтті.
Кафедра доценті Қалишева Н.Х. және аға оқытушы Әлихан Қанат студенттермен бейімделу, оқу тәртібі, құқықтар мен міндеттер, сондай-ақ заңды сақтау жауапкершілігі мәселелерін талқылады.
Кездесу ашық диалог форматында өтті.
Студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, оқу үдерісі мен студенттер өмірі бойынша практикалық ұсыныстар алды.
Өз құқықтарын білу, міндеттерді сақтау және заңға құрмет көрсету – құқықтық мәдениет пен жауапты азаматтың негізі!
Іс-шара «Жаңа Қазақстандағы заң мен тәртіп» жобасы және ТДМ 4, ТДМ 16 аясында өткізілді.