ҚХР адвокаттарға арналған білім беру курсының бірінші күні
2026 жылғы 22 қыркүйекте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінде Қытай Халық Республикасының адвокаттары мен заң саласы мамандарына арналған біліктілікті арттыру курсы аясында негізгі оқу сабақтары басталды.
Бірінші оқу күні Қазақстан Республикасының конституциялық құқығына арналды.
Тыңдаушылар мыналарды қарастырды:
Конституцияның қағидаттары мен функциялары; оның дамуының негізгі кезеңдері; конституциялық-құқықтық реттеудің ерекшеліктері.
Практикалық бөлім аясында қатысушылар нормативтік құқықтық актілермен және конституциялық кейстермен жұмыс істеп, салыстырмалы-құқықтық және практикалық тәсілдерді қолданды.
Сабақты заң магистрі, мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының аға оқытушысы Әлихан Қанат өткізді.
Басқа жаңалықтар