Қазақстан жоғары оқу орындарының халықаралық танымалдылығын көтеру
23 қырқүйек сағат 9.30-да әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасында ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Қазақстан жоғары оқу орындарының халықаралық танымалдылығын көтеру» атты дөңгелек үстел өтеді. Іс-шараға QS World University Rankings халықаралық рейтинг агенттігінің Орталық Азия мен Шығыс Европа бойынша аймақтық директоры Зоя Зайцева, ЖОО ректорлары мен ғылыми қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысады.
Соңғы бес жыл ішінде Қазақстанның университеттері халықаралық QS рейтингісінде қарқынды түрде алға жылжып келеді. Дөңгелек үстел барысында қазақстандық бірқатар ЖОО-ларға: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-ға, М. Әуезов атындағы ОҚМУ-ға, Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ-ға, Абай атындағы ҰПУ-ға тұңғыш рет QS WUR сертификаттарын тапсыру рәсімі өтеді.
Солардың арасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ QS рейтингісінде Орталық Азиядағы ЖОО арасында бірінші болып әлемдегі үздік 250 университет қатарына еніп, 236-орынға көтерілді. Бұл топқа ТМД елдерінің екі жоғары оқу орны – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен М. Ломоносов атындағы ММУ ғана кірді.
Мекен-жайы: Әл-Фараби кітапханасы, 4-қабат
Уақыты: 23 қыркүйек, басталуы 9:30