Өнер мен әдебиет – рухани тәрбие бастауы! — ҚазҰУ

Өнер мен әдебиет – рухани тәрбие бастауы!

11 қазан 2026
Өнер мен әдебиет – рухани тәрбие бастауы!

2026 жылы 11 қазанда «Құқықтану» мамандығының 208-топ студенттері Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында Әзілхан Нұршайықовтың әйгілі «Махаббат, қызық мол жылдар» романының сахналық қойылымын тамашалады. Мәдени іс-шараны «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық» кафедрасының оқытушысы, топ жетекшісі Базартаева Е.Б. ұйымдастырды. Қойылымда махаббат пен адалдық, адамгершілік пен шынайылық, жастық шақтың жарқын сәттері терең бейнеленді. Спектакль студенттерге ерекше әсер қалдырып, ұлттық әдебиетіміздің асыл мұраларын тереңірек тануға, рухани дүниесін байытып, мәдени талғамын қалыптастыруға ықпал етті. Театр – тәрбие мен тағылымның, өнер мен өнегенің ордасы!