Қаржылық сауаттылық – сапалы білімге бастайтын маңызды қадам!
Тұрақты даму мақсатының № 4 (ТДМ 4) «Сапалы білім беру» аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жоғары экономика және бизнес мектебінің «Қаржы» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері «Қаржы және есеп» кафедрасының эдвайзері Касенова Г.Е.-мен бірге Қазақстан қор биржасы (KASE) ұйымдастырған білім беру іс-шарасына қатысты.
2026 жылғы 7 қазанда студенттер 5–9 қазан аралығында өткен «Ring the Bell for Financial Literacy 2026» халықаралық бастамасы аясында ұйымдастырылған KASE Academy «Негізделген инвестициялық шешімдерді қалай қабылдауға болады?» атты практикалық семинарға қатысты.
Семинар барысында студенттер инвестициялық шешімдер қабылдаудың практикалық тәсілдерімен танысып, нақты кейстерді талқылауға қатысуға және заманауи қаржы нарығының жұмыс істеу ерекшеліктері туралы білімдерін тереңдетуге мүмкіндік алды.
Мұндай білім беру бастамалары университет аудиториясынан тыс білім алу мүмкіндіктерін кеңейтіп, академиялық орта мен кәсіби қауымдастық арасындағы өзара байланысты нығайтады, сондай-ақ қаржы саласындағы бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға ықпал етеді.
Басқа жаңалықтар