Медеу ауданының көрікті ғимараттары – туристік маршрутта — ҚазҰУ

Медеу ауданының көрікті ғимараттары – туристік маршрутта

13 қазан 2026
Медеу ауданының көрікті ғимараттары – туристік маршрутта

2026 жылғы 12 қазанда «Туристік маршруттарды жобалау» пәні аясында Рекреациялық география және туризм кафедрасының аға оқытушы С.А. Моминовтың ұйымдастыруымен 6В11101 – «Туризм» білім беру бағдарламасының 4-курс қазақ бөлімінің студенттеріне Алматы қаласының Медеу ауданында аудиториядан тыс тәжірибелік сабақ өткізілді.

Сабақ барысында студенттер Медеу ауданындағы сәулеттік ерекшелігімен және тарихи-мәдени маңызымен ерекшеленетін көрікті ғимараттарды туристік маршруттарға енгізу мүмкіндіктерін қарастырды. Туристік нысандардың орналасуы, тартымдылығы, қолжетімділігі және маршруттың логистикалық құрылымын жоспарлау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Тәжірибелік сабақ студенттердің теориялық білімдерін нақты жағдайда қолдануға, қалалық туристік маршруттарды жобалау дағдыларын жетілдіруге және Алматы қаласының туристік әлеуетін тереңірек тануға мүмкіндік берді.