Тұрақты даму мақсаттарының 4-басым бағыты «Сапалы білім» Жалпыға бірдей және әділ сапалы білім беруді қамтамасыз ету, өмір бойы оқу мүмкіндіктерін ынталандыру бағытын жүзеге асыру мақсатында 2026 жылдың 08-қазан күні «6B01601 – Тарих» мамандығының 2-курс студенттерімен «Заң мен тәртіп – қоғам кепілі» тақырыбында эдвайзерлік сағат өткізілді. Эдвайзерлік сағатқа әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Заң факультетінің Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының аға оқытушысы Советхан Шынар Дастанқызы шақырылды.
Шынар Дастанқызы Заң мен тәртіптің қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің негізі екендігін студенттерге түсіндіріп, құқықтық тәртіпті сақтау адамды қауіпсіз өмірге бастайтындығын нақты мысалдар негізінде көрсетті. Студенттерге заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайтындығын, заң барлық адам үшін ортақ міндеттер мен құқықтарды белгілейтінін ескертті.
ҚР Конституциясы 2026 жылғы 15-наурызда референдумда қабылданып, 1-шілдеден бастап заңды күшіне енгендігін, барлық нормативтік құқықтық актілер Конституцияға қайшы келмеуі тиіс екендігі айтылды. Қазіргі таңда жастар арасында жиі орын алатын цифрлық адалдық мәселесі түсіндірілді. Электрондық форматта орын алуы мүмкін заңсыздықтарға жол бермеу ісі жан-жақты қарастырылды.
Ұйымдастырушы
Қазақстан тарихы кафедрасының
доценті м.а., т.ғ.к. Дауытбекова М.Қ.
Басқа жаңалықтар