«Жасыл университет»: кампусты ресурсты үнемдеуге бейімдеу идеяларының презентациясы — ҚазҰУ

«Жасыл университет»: кампусты ресурсты үнемдеуге бейімдеу идеяларының презентациясы

14 қазан 2026
«Жасыл университет»: кампусты ресурсты үнемдеуге бейімдеу идеяларының презентациясы

    2026 жылғы 14 қазанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Филология факультеті Түркітану және тіл теориясы кафедрасы меңгерушісінің оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары, PhD, қауымдастырылған профессор Ж.Ж. Күзембекова мен «6B01704 – Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері БҰҰ-ның 7-Тұрақты даму мақсаты – «Арзан әрі таза энергия» идеялары шеңберінде «Жасыл университет: кампусты ресурсты үнемдеуге бейімдеу идеялары» тақырыбында студенттік жобалар презентациясын өткізді. 

    Іс-шара барысында студенттер университет кампусында энергия тиімділігін арттыру, баламалы энергия көздерін ұтымды пайдалану және ресурстарды үнемдейтін заманауи эко-технологияларды енгізу бойынша өздерінің инновациялық идеялары мен жобаларын ұсынды. Білім алушылар тұрақты даму мен эко-мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтіп, университет аумағында энергия мен суды үнемдеудің, қалдықтарды сұрыптаудың және эко-кампус тұжырымдамасын дамытудың практикалық жолдарын талқылады. 

   Ашық диалог пен шығармашылық ізденіс форматында өткен бұл презентация студенттердің экологиялық жауапкершілігін арттырып, олардың идеяларын іске асыруға бағытталған белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға зор ықпал етті.  

  Ұйымдастырушылар: Түркітану және тіл теориясы кафедрасы меңгерушісінің оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары, PhD, қауымдастырылған профессор Ж.Ж. Күзембекова, «6B01704 – Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 4-курс студенттері.